Курс жайлы
Білім саласында қызмет ететін мамандар үшін кәсіби дамудың маңыздылығы күн санап артып келеді. USTART жобасы педагог-тренер Ескендір Бестаймен бірлесе отырып, "Педагогикалық миссия: Кәсіби даму жоспарын қалай құрамын?" атты бірегей онлайн курсын ұсынады.
PDP дегеніміз не? (Professional Development Plan) – Кәсіби Даму Жоспары
Бұл адамның кәсіби жетілуіне арналған жеке стратегиясы. PDP нақты мақсаттар қоюға, қажетті қабілеттерді анықтауға және сол мақсаттарға жүйелі түрде жетуге көмектеседі.
Кәсіби даму жоспары не үшін қажет?
Мәнсапты жүйелі түрде дамыту
Қай бағытта қозғалу керектігін түсінуге көмектеседі
Қажетті қабілеттерді анықтау
Артық курстарға ақша жұмсамай, тек маңызды қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді
Уақыт пен ресурстарды үнемдеу
Бей-берекет оқудың орнына, тек мақсатқа бағытталған білім алу
Мотивация мен даму
Нақты жоспар болған кезде, адам өз дамуын бақылап, жетістігін көре алады
Курс бағдарламасы
1. Жеке Аудит — Уақыт пен Энергия қайда кетіп жатыр?
2. Амбиция: Менің мақсат, міндетім қандай?
3. Ресурс: Менде қандай ресурс бар?
4. Даму картасы: Қалай саналы сценарий құрамын?
5. Скиллсет: Маған қандай қабілеттер қажет?
6. Жіліктеу: Қабілет неден құралады?
7. Білім базасы: Менің жеке кітапханам
8. Приоритет: Маңызды істі Шұғылдан қалай ажыратамын?
9. Құндылық: Мен үшін не маңызды?
10. Кейс: Тұлғалар не үшін өкінді?